«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек шығармашылығындағы жаңалықтарды жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі «Дүние-ай» әніне жасанды интеллект көмегімен бейнебаян түсірген. Оны Instagram парақшасында жариялады.
«Алғаш рет жасанды интеллект пен клип!», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жаңа туынды көңілінен шыққанын жазып жатыр.
«Күшті, керемет. Жастарға үлгі болатын бейнебаяндарың көбейе берсін, дами беріңдер», «Досым жарайсың! Тамаша шыққан. Алла тіл-көзден сақтасын», «Тарихи мәні бар бейнебаян», «Ерекше шығыпты», – деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 𝐀𝐈𝐃𝐀𝐑 𝐓𝐔𝐑𝐆𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 (@aidar_turgambek)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.