Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы TurkicSkills 2025 кәсіби шеберлік чемпионаты колледждер мен бизнес қауымдастық үшін маңызды ынтымақтастық алаңына айналды. Чемпионат аясында колледждер кәсіпорындармен, шетелдік колледждермен 100-ге жуық ынтымақтастық меморандумына қол жеткізді,– деп хабарлайды Аikyn.kz
«Бұл келісімдер студенттерімізге кәсіби дағдыларын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибе жинақтауға және еңбек нарығында өз орнын табуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар білім беру сапасын арттыруға және заманауи өндіріс талаптарына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болып саналады», — дейді Talap КеАҚ президенті Санжар Тәтібеков.
Атап айтсақ, Оқу-ағарту министрлігінің Talap коммерциялық емес акционерлік қоғамы робототехника саласында Dosti компаниялар тобы ЖШС техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар Х. Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мен KidsGo Technology Ltd. компаниясы арасында ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника және цифрлық білім беру бағдарламалары саласында ынтымақтастық орнатылды.