Әнші Ерке Есмахан оқырмандарының сынына жауап берді, – деп жазды Аikyn.kz.
Жақында декреттік демалыстан сахнаға оралып, өнер көрсеткен әнші артық салмағына байланысты сынға қалған.
Өнер иесі екі ай бұрын ғана ана атанғанын айта келіп, босанудан кейінгі кезеңіне түсіністікпен қарауды өтінді. Сонымен қатар жақын арада бұрынғы қалпына келетінін айтты.
«Кішкентай ғана Батырым, анасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам, қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар. Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім – сөз», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.