in

«500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп жатыр»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жанкүйерлеріне ескерту жасады

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол көпшілік Қайраттың атын жамылған алаяқтарға алданып, көмекшісінің нөміріне шатасып ақша жіберіп жатқанын айтты.

«Құрметті оқырмандар! Қайраттың парақшасындағы көмекшісінің нөміріне 500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп жатыр, қайтарып үлгермей жатыр. Алаяқтар ойын ойнатып, ақша салдырып, елдер нөмірден шатасып жатқан сияқты. Өзіміздің нағыз парақшамыздан көрмей, алданып ақша салмаңыздаршы. Қайрат елден ақша жинатпайды, сақ болыңыздар!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.