Кезінде Мәжіліс депутаты болған қоғам белсендісі Тәңірберген Бердіоңғар Ләйлә Сұлтанқызына 30 жыл бұрын түскен суретін сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
«Шамамен 30 жыл бұрын Ләйләмен пойызда таныстық. Шымкенттен келе жатып. Мына адам біздің вагонда болған. Ләйлә ол кезде радиода жұмыс істейтін», – дейді Тәңірберген Бердіоңғар.
Ләйлә Сұлтанқызы пойызда сапарлас болған ер адамға іздеу салды.
«Өмір – өзен… 30 жыл бұрынғы Ләйләні көремін деп ойламаппын, шыны керек. Фотоны көргендегі эмоциямнан-ақ байқауға болатын шығар, қалай таңғалғанымды. Қасымдағы кісімен Тәңірген екеуміз Алматы-Шымкент бағытындағы пойызда кездесіп, танысқан екенбіз. Фотоға да түсіппіз. Бұл кісінің кім екені есімде жоқ. Егер бар болсаңыз немесе туысқандарыңыз көріп отырса, бір хабарын берсеңіздер», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.