in

«Өзгелер өтірік елжанды болып жүргенде, іспен дәлелдеді…»: Мөлдір Әуелбекова Димаш Құдайберген туралы айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова  Димаш Құдайбергеннің шетелдегі концерті туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.   

Ол Халық әртісінің ана тілінде сөйлегеніне ризашылық білдірді.

“Көбісі “мені СНГ қарайды, сол үшін орыс тілде сөйлеймін” деген сылтаумен алдамшы елжанды болып жүргенде, Димашымыз әлемді қазақ тілде шырқатты! Неге қазақ тілде? Себебі ол “Мені әлем таниды, сол үшін өз тілімде сөйлемеймін” демеді. Димаш өзге тілді біле тұра, өз тілін құрметтеуді сөзбен емес, іспен дәлелдеп, мәртебесін асқақтатты! Димаш – ұлттық мұра!» – деп жазды әнші threads-тегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 5 қазанда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» сахнасында жеке концертін өткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.