Актер Рамазан Амантай әнші Әділет Жауғашардың Шымкентте өткен концертіне келді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші актерді ортаға шығарып, алғыс айтты.
“Менің барлық әніме сөз жазған Рамазан Амантайға қошемет көрсетіп қойыңыздар. Саған көп рақмет, көргеніме қуаныштымын”, – деді Әділет Жауғашар.
Желі қолданушылары актердің артық салмағына алаңдаушылық білдіріп жатыр.
“Мына жігіт өзін дереу қолға алмаса қиын болады”, “Бір жері ауыратын шығар, адам бұлай семірмейді”, “Рамазан ауырады-ау, әрең жүр”, “Алдаркөседегі бай адамдарға ұқсайды”, деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.