Әнші Әли Оқапов «КЕШREC» бағдарламасында інісімен қарым-қатынасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бұрынғы қателігі үшін қазір інісі Мәди Оқаповтан жиі кешірім сұрайтынын жасырмады.
«Мәдиден жиі кешірім сұрап жүремін. Өйткені кішкентай кезінде үлкендік жасағаным есіме түсе береді. «Тым артық кеткен кездерің көп болды» деп өзі де айтқан. Бірақ кешіріп, бәрін түсінген сияқты. Дәл қазір жақын араласамыз. «Енді менің кезегім келді, Зейіннен өшімді аламын» деп әзілдейді. «Ағасы ретінде қалай тәрбиелесең де өзің білесің» деп бірден айттым. Оған араласпаймын дедім. Бірақ біздің отбасымыздағы ең жұмсақ адам Мәди ғой. Жүрегі кең. Ешқашан біреуге ренжігенін, біреуге қаталдық танытқанын көрмедім. Барлығын кешіреді, барлығына көмектесіп жүреді», – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «КЕШREC» бағдарламасы (@keshrec_khabar)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.