Әнші Төреғали Төреәлі мен әйелі ерекше қажеттілігі бар балаларға көмектесетін қор ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қорды атауын қызының құрметіне «Кәусар» деп қойған. Оны жұбайы Толқын басқарады. Бұл туралы тележүргізуші Айгүл Мүкей әлеуметтік желіде жазды.
«Төреғали өзінің 10 жастағы қызы Кәусарға жаңа ән арнады. Әнші бұл туындысын тек әкелік сүйіспеншіліктің белгісі емес, сонымен қатар ерекше балалары бар отбасыларға қолдау көрсету бастамасы ретінде ұсынды. Төреғалидің қызы Кәусардың ерекше диагнозы бар екенін өнер иесі бұған дейін де ашық айтқан еді. Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған қорға аударуға шешім қабылдады. Жаңа қордың атауы — «Кәусар». Бұл қордың басты мақсаты — ерекше қажеттілігі бар балалардың емделуіне, дамуына және қоғамға бейімделуіне көмек көрсету. Қордың жұмысын Төреғалидің жары Толқын басқарады», – деп жазды тележүргізуші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.