Әнші Төреғали Төреәлі қызының сырқаты жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі алғаш қызының диагнозын білгенде қандай күй кешкенін жеткізді.
«2015 немесе 2016 жылдары болу керек. Баян Алагөзованың «Қазақ аруы» жобасын Ерке екеуіміз жүргізейін деп жатырмыз. Сахнаға шығар алдында телефоныма хабарлама келді. Ол кезде қызым Қаусардың азан шақырып қойған аты Томирис болатын. «Томиға ДЦП диагнозы қойылды» деген жазуды оқыдым. Сол сәтте біреу үстіме су құйып жібергендей болды. Енді жұлдызым жанып жатқан кез болатын. Сол мезетте қандай күй кешкенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сахнаға қалай шыққанымды, іс-шараны қалай жүргізгенім мүлдем есімде жоқ. Сол кезде маған атақ қызық болмай қалды. Өмірім өзім қалағандай өрбімегендей сезіндім. Бірақ Алланың өз жоспарығ тағдыры бар екен. Қазір түсінемін, бұл – Құдайдың сынағы емес, нгығметі. Қызымыз – үйіміздің гүлі. Бүгінде Раббым маған беріп жатқан бақ-береке – бәрі қызымның арқасы деп ойлаймын», – дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Төреғали Төреәлі (@toregalitoreali)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.