Әнші Ақбота Керімбекова келер жылы жеке шығармашылық кешін өткізетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі кешті мерейтойына орай өткізбек. Әнші шығармашылық үшін Астанаға қоныс аударғанын атап өтті.
– Келесі жылы Алланың қалауымен жасым 50-ге толады. Өнер адамдары мерейлі жасқа жеткенде халыққа есеп беру мақсатымен шығармашылық кеш жасайды. Менің де арманым – ел аралап, халықтың алғысын алу. Елордаға арнайы шығармашылықпен айналысу үшін келдім. Арман қойсаң, мақсат қойсаң, барлығы мүмкін, – деді Ақбота Керімбекова Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.