«Бенефис шоу» бағдарламасында әнші Тоқтар Серіковтің алғашқы махаббаты жайлы айтылды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бағдарлама ұжымы әншінің мектептегі алғашқы махаббаты болған қызды тауып, тілдесті. Айгүл Көбекова есімді әйел кезінде әншінің өзіне жазған хаттарын оқып берді.
«Тоқтар екеуміз 1990 жылы Алматы қаласындағы республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа бірге келгенбіз. Ол «Б» сыныбында оқыса, мен «А» сыныбында оқып, интернаттың нанын бөлісіп жеп, өстік. Тоқтар екеуміздің махаббатымыз сол жерден басталды. Республикалық олимпиадаларға бірге баратынбыз. Біздің махаббатымызды бүкіл мектеп, мұғалімдер білетін. Сыныптастарымыз Тоқтардың толассыз хаттары, әндері маған арналған деп ойлайтын», – деді Айгүл Көбекова.
Тоқтар Серіков екеуінің арасында бала махаббат болғанын, хат жазғаны рас екенін айтты. Алайда ұзақ уақыт жүрмегенін, жараспағанын жеткізді.
«Менің әйелім, жарайды, түсінеді. Енді сенің күйеуің түсінер ме екен деп уайымдап отырмын», – деп әзілдеді Тоқтар Серіков.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.