Әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов кезінде ата-анасына жақсылық жасай алмағанына өкінетінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі сахнада ұзақ жыл жүріп, жақындарына жақсылық жасау туралы ойланбағанына қынжылатынын жасырмады.
“Сахнада 20 жыл жүріп, әкеме көлік әпермеппін. Жақсы үй соғып бермеппін. Ұят… Не істеп жүргенмін бұл өмірде? Кейде тым кеш ойланып қалатыным бар. Жақсылықты дер кезінде жасау керек екен. Адасып жүрген жігіттерге айтарым, естерін жиса екен. Өмірде ата-анадан артық байлық жоқ”, – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.