in

«Ұят қой»: Баян Алагөзова Дариға Бадықовамен бірге видео жариялады

Продюсер Баян Алагөзова актриса Дариға Бадықовамен әзіл-шыны аралас видео түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Баян Мақсатқызы Дариға Бадықовамен бірге жаңа фильмге түсіп жатыр. Түсірілім арасындағы үзілісте Баян Мақсатқызы актрисадан: “Дариға, сенде Еңбек сіңірген әртіс деген атақ бар ма?” – деп сұрады.

Дариға Бадықова бұл сұраққа “жоқ” деп жауап берген. Осыдан кейін Баян Мақсатқызы таңданысын жасырмады. 

«Ұят қой! Әлі жоқ па? Атақ керек! Сенің атағың болуға тиіс» – деп әзілдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.