Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады , – деп жаз ды Aikyn.kz .
Актердің жары қайғысын бөлісіп, өмірлік серігіне деген сағынышы н жеткізді. Оның айтуынша, қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн тату-тәтті ғұмыр кешкен.
« Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23жыл, бір ай, үш күн бірге өмір сүрген , Қ ұдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, А лла ның қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. « Қайғы бөліссе , аза я ды » деп, көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін. Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер, ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып, егіліп шығарып салдыңыздар.. . Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын, сол жандардың алақан жайып А лла дан сұраған бата – тілектерін А лла қабыл етеді, пейіштен орын береді дейді . Әумин. Әр шаңырақта бақ – береке болсын. Балаларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын », – деп жазды Бағдат Әшімова .
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.