in

«Үстімнен қандай шағым түсірсе де, өз шындығымды айтамын…»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі видео жариялады

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев желідегі парақшасында не үшін сұхбат бергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер көп адамнан келген сұраққа жауап беру үшін Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беруге шешім қабылдаған.

Ол бұрынғы әйелі полицияға арыз түсіргенінен хабардар екенін айтты.

“Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп, Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де, өз шындығымды айтамын. Керек болса, шындық детекторына да отыруға дайынмын”, – деді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.