Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Қайрат Нұртастың әкесін мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алайда әнші кешке бара алмайтынын, оқыс жағдай болып, қолын ауыртып алғанын айтты.
«Нұртас замандас, 60 жасыңыз құтты болсын. Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз, ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын. Шапаныңыз Гүлекеңнің каспийінде. Аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым, Құдай сақтап, қол аман, тырнақ түбінен сынды», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге тезірек сауығып кетуін тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.