Әнші Қайрат Нұртас екінші қызы Алаудың актриса болғанын қалайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі кейінгі кезде қызымен түрлі видеоға түсіп, әлеуметтік желіге жариялап жүр.
“Алау қызым тура өзіме, әкесіне ұқсаған. Ол жаратын қыз, Құдай қаласа. Біз әлі оны тартып жатырмыз. Мен негізі қызымды шетелден көргім келеді. Ал оған Қазақстан ұнайды, осында қалғысы келеді. Еш жаққа барғысы келмейді. Бірақ мен қарсы емеспін қызыма. Қызымның актриса болғанын қалаймын”, – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.