Әнші Балжан Бидаш журналист Айкерім Есенәліге сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өткен өмірін есіне алып, еркіндікті аңсағанын жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта оқыған, көзі ашық азаматты кездестіруді армандайтынын жасырмады.
«Үлкен өмірге қадам басқанда жаныңдағы адам сенің өміріңе билік құруға құқығы жоқ. Ата-анам үміт күтіп отырған кезде, олардың сенімін ақтауым керек. Өзіме ұнайтын өмірді сүргім келді. Үйдің терезесінен көшедегі әйелдерге қарап, қызыққан кезім де болды. Еркін жүретін әйелдерге қызықтым. «Қандай бақытты, еркін кетіп бара жатыр» деп ойладым. Сол сәттерді есіме түсіріп, осы өміріме шүкір айтамын. Шынында, еркіндікті қаладым. Қазір заң жүзінде «Қашан тұрмысқа шығасың?» деп сұрақ қоюға болмайды. Осы уақытқа дейін өзім де қатты ғашық болып көрмедім. Шын сүйе алмадым. Қазір ер-азаматтарға талап қоямын. Психологиялық жарақаты аз жігіт болса екен. Ата-енемен тұруды да уақытында көрерміз. Жігітке қоятын талабым көп емес. Оқыған, көзі ашық азамат болса, көрегендігі болса, араласуға болады. Өнерді сыйласа екен», – дейді Балжан Бидаш.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.