in

«Шаншар» театры жабылады, егер…»: Уәлибек Әбдірайымов күтпеген мәлімдеме жасады (видео)

Актер, «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов AIRAN бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Оның айтуынша, жастар келмесе, «Шаншар» театры жабылуы мүмкін. Актер эстрада жанрында құрылған топтың «ғұмыры» он, он бес жыл екенін айтады. Көрерменнің қолдауымен, ыстық ықыласымен театр отыз жылға дейін жеткен.

«Театрдың құрамын жаңартып  тұру керек. Иә, театр жабылуы үмкін, егер жастар келмесе. Менің кешегі отыз жылдықта айтқан әңгімем, біз жиырма жылдықта қояйық деп ойлағанбыз. Жиырма бес жылдықты да өткіздік. Ширек ғасырды атайық, сосын қоямыз-ау дедік. Отыз жылдыққа да келдік. Сонда менің сахнада айтқан сөзім: «Қояйық деп жүрміз, бірақ мына сіздер қойдыра алмай жатырсыздар». Мына келгендеріңіз үшін қоя алмай жатырмыз. Ал енді ол сиреп кетсе неге қоймайсың? Қоясың ғой. Біздің ешқандай ренішіміз жоқ. Ешқандай көрерменге де ешкімге ренішіміз жоқ», – деді Уәлибек Әбдірайымов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.