in

Шакира мен Эминем Алматыда концерт өткізеді

Биыл америкалық рэпер Эминем (Маршал Мэтерс) мен колумбиялық әнші Шакира Алматыда өнер көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Спорттық ғимараттар дирекциясының бас директоры Есет Байтасов Алматы Қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Алдын ала жоспар бойынша концерттер Алматының Орталық стадионында өтеді. 

Қазір нақты күні мен ұйымдастырушылық-техникалық мәселелер пысықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.