Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке концертін астарлы әзілмен бастады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол отбасына қатысты әңгімені кейінірек айтып беретінін жеткізді.
«Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма? Бірдеңе білуге ме? Бірдеңе білгілеріңіз келіп отырған секілді. Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе айтайын деп тұрған секілді болып тұр. Баяғыда «тыныш, балалар отыр» деп айтатын еді ғой. Залда қыздарым отыр. Сосын асықпай айтармын», – деді Тұрсынбек Қабатов.
Айта кетейік, әзілкештің екінші әйел алғаны туралы қауесет тараған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.