in

«Тыныш жүрмейді»: Баян Алагөзованың анасы қызының өзіне ұнамайтын қылығы туралы айтты (видео)

Продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитденова қызының өзіне ұнамайтын қылығы туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, қызы үйіне келгенде үнемі ескерту жасап, сынап отырады.

– Өте көп сынайсың. Ол мені, жалпы бәрін сынап отырады. Үйге келгенде де тыныш жүрмейсің. «Мынау не? Ыдысты неге алмадың? Тағамың әдемі емес, неге мейрамхананікіндей емес? Үйің лас» деп ескерту айта бересің. Мен сонда: «Ұнамай ма, өз үйіңде қалағаныңдай жасап ал» деймін. Ол – сондай адам, – деді Гүлжамал Мұхитденова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында қызына қарап.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от E1am4n (@e1am4n)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.