in

«Табытта жатып, жаназамды тыңдадым»: Құралай ханым күйзеліске түскенін айтты

Психолог Құралай Ошақбаева қайғылы жағдайды бастан өткергенде не істегенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында інісі дүниеден өткенде күйзеліске түскенін жеткізді.

«Бауырымның қазасынан кейін өзімді жоғалтып алдым. Дүние төңкеріліп кеткендей болды. Ұстаздарымның алдына барып, психологиядағы ең қиын терапиялардың бірі – табыт терапиясына қатыстым. Құлағыма құлаққаппен жаназа намазын тыңдап жаттым. Менімен бірге 5-6 адам қатысты. Ешкімге мұндай терапия жасауға кеңес бермеймін. Кәдімгі табытқа түсіп, тірі қуыршаққа айналасың. Бәрін ойша жасайсың. Жолдасыммен қоштастым. 4 қызымды аманаттап тапсырдым. Бір кезде анамның «Куся» деген сөзін естідім. Сол кезде атып тұрдым. Өйткені мен анама ғана керек екенмін. Үш ай бұрын баласынан айырылды. Енді қызынан айырылса, мүлдем жүре алмай қалатынын ойладым. Адамдар жатқан жерден мен бірінші болып атып тұрдым. Сол кезде психологым «Мына адамдардан бұрын сен бірінші жетістікке жетесің» деді», – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.