in

«Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды»: Роза Рымбаева тойда неге ән айтпайтынын айтты (видео)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тойларға жиі шықпайтынын журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында айтты.

«Тойға шығатын әншілердің мақсаты — халықты билетіп, көңіл көтеру. Ал менің әндерім мен мақсатым басқа. Мен үшін ең маңыздысы — тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу. Қазақ тыңдарманының музыкалық талғамын көтеру үшін еңбек етемін. Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды. Бірақ мен оған ешқашан өкпелемеймін. Көбіне концерттік сахнада жүремін», — деді Роза Рымбаева.