in

Сеулде әуелеген қазақ әні

Концерт Қазақстан елшілігінің қолдауымен Сеулдің Янчхон ауданында өткен. Музыкалық кеште алдымен Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» шығармасы, одан соң Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды. 

Корей тыңдармандары классикалық музыканы сүйгенімен, отандық әртістер қазақ өнерін насихаттауға күш салған көрінеді. Дегенмен бағдарламада классикалық шығармалар да көп. Соның бірі – поляк композиторы Кшиштоф Пендерецкийдің сирек орындалатын «Тотальдық виолончель» туындысы. Бұл күрделі солоны халықаралық байқаулардың лауреаты Салауат Кәрібаев кәсіби деңгейде орындап шықты. Іс-шара аясында Янчхон өнер және мәдениет қоры «Қазақстан Камератасы» оркестрімен ынтымақтастық туралы келісім жасаған.