Марқұм сазгер, композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы көпшілікке ескерту жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол өзінің атын жамылып, ақша жинайтын алаяқтарға алданып қалмауды сұрады.
– Қадірменді халқым! Егер менің атымнан, менің сұқбат фрагменттерін, фотосуретімді пайдаланып қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол жалған ақпарат екенін ескертемін. Мен Президентке үндеу жасадым, тергеудің объективті болуын, әділетті сот шешімін сұрадым, халқымнан қолдау сұрадым. Бірақ маған ақша жинау немесе қор ашуды сұраған жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын! Халқыма рақмет айтамын! – деп жазды Айсұлу Айданқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.