Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде отбасы туралы ой бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі күйеуі екеуінің арасындағы түсініспеушілік көбіне ән арқылы шешілетінін айтты.
“Ерлі-зайыпты болып тәулігіне 24 сағат бірге жүру қиын ба, жеңіл ма, қалай ойлайсыздар? Мен де кейде ренжітсе ренжіп қалып, сөйлемей қойып, уақытша кетіп қалып, басқа әйелдер сияқты қырғысайын десем, ән айту керек болып қала береді. Жәкеңнің мінезін білу үшін, біздің үйде тұрып көріңіз”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бақыт тілеген.
“Өте әдемі, үлгілі жұпсыздар”, “24 сағат емес, ақырғы демге дейін бірге болыңыздар!”, “Ағамыздың мінезі жайсаң”, “Ән айту ренішті ұмыттырады”, “Күйеуіңмен ұрысып қалсаң, ертеңіне ақша керек болып қалады”, – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.