in

«Отбасыңызға бақыт тілеймін»: Игорь Крутой Димаштың қарындасының ұзату тойына қатысты

Ресейлік композитор Игорь Крутой әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасының ұзату тойына құрметті қонақ ретінде қатысты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол жас жұбайларға тілегін арнады. Сонымен қатар Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін шырқаған кезде рояльда сүйемелдеп отырды.

«Біз үшін маңызды күн – туған қарындасымның ұзату тойына келіп, қуанышымызды бөліскеніңізге көп рақмет. Сіздің келгеніңіз біз үшін үлкен сыйлық болды. Сізді әрдайым ұлы композитор ретінде білетінбіз, бірақ мен үшін ең қымбаты – сіз жүрегіңіз ашық адамсыз. Музыкада да, өмірде де достығыңыз үшін рақмет», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Игорь Крутой да  Димашқа шақырғаны үшін алғыс білдірді.

«Қымбатты Димаш, отбасыңыз үшін осындай салтанатты әрі маңызды күні қасыңызда болуға шақырғаныңызға көп рақмет! Жас жұбайларға және отбасыңызға бақыт тілеймін!» – деді композитор.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.