in

«Отбасының тірегі – еркек!»: Айнұр Тұрсынбаева жан сырын ақтарды (видео)

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде отбасылық видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бейнежазбада күйеуінен гүл алып жатқанын көруге болады. Айтыскер ақын ер адамның отбасындағы рөлі туралы айтты.

«Отбасының тірегі-еркек! Тірек әлсіз болса шаңырақ құлайды. Еркектің еркектігі айқайлауында немесе тек ақша табуында емес, қорған бола білуінде! Қорған болу-қорғау! Қорғау дегеніміз жаудан қорғау емес. Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын қорғау керек! Отбасы-аманат! Аманатты иесіне қайтарғанда ұялмайтындай болу керек. «Мүміндердің иман жағынан ең кәмілі – көркем мінезде ең жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың – жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деген пайғамбарымыз с.а.у.», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.