in

«Оның маған деген жоспары ғажап»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін күтіп жүргенін айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол жүкті кезіндегі видеосын әлеуметтік желіге жариялап, бұл оқиғаны «Жыл жаңалығы» деп атады.

«2025 жылға менің жоспарым болған… Алайда Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы!», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, тілегін жазып жатыр.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қазір екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.