in

«Не жаздым мен жаным, саған?..»: Өктем Алтаев қыздарды жек көріп кеткенін айтты

Әнші әрі композитор Өктем Алтаев «Менің өмірім» бағдарламасында жастық шақтағы оқиғасын баяндады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі жауапсыз махаббаттың  кесірінен күйзеліске түсіп, «Не жаздым мен жаным, саған?» әнін жазған.

“Бұл әнді күйзеліске түскенде жазғаным рас. Мен бір жақсы көрсем, бар ықыласыммен жақсы көретін адаммын. Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Оның жігіті бар екен. Оны маған айтпаған. Екеуіміз сөзбен үйленуге дейін бардық. Арамызда сенім пайда болды. Ер адам болған соң «Үйленемін. Балаларым болады» деп жоспар құрасың ғой. Сөйтіп 100 пайыз кәміл сеніп жүргенде, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен. «Болмайды» деп жауап берді. Сол кезде төбемнен су құйғандай болды. Өмірге деген құштарлық кетті. Адамға деген сенім кетті. Өзімді жоғалтып алдым. Жеңгелерім қызды айтса, «Айтпа» дейтінмін. Бір қызға бола бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім”, – деді әнші.

Әншінің айтуынша, өзі ғашық болған қыз қазір бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.