Актер Олжас Абай әлеуметтік желіде өзін сынап жатқандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол «Бір отбасын бұздың» деп айып таққан жандарға жазба арнады.
«Оу ағайын! Өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып, мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, қол соғып, енді аяқ асты біржақты ойланатын адамның «қызғанышына» сеніп менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді адамға деген шынайы қарым- қатынасымды жерге таптамаңдар. Некедегі әйелге ажырамай жатып көз салатын мен не, басында миы жоқ ессіз, есалаң дейсіңдер ме? Аңдамай сөйлеген деген бар қазақта. Басымнан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайды екем. Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның «жан-жағын кінәлап берген» сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады. 15 жылда 25 тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың милионның қошаметіне бөленіп, Дариғадай мінезді, мықты актрисамен серіктес болып жұмыс істеп, жетістікке қол созған мен дәл сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүргем, ары қарай да жүре беремін», – дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.