in

Мыңжылдықтар дауысы

Әсіресе, оқырманның тарихи танымын, ұғым-түсініктерін кемелдендіретін ұлттық құндылықтар мен игіліктер, тағылымдық тәмсілдер, мыңжылдық үздік тәжірибелер, рухани өркендеудің ең негізгі қағидаттары жарқын көрініс тапқан.

Ойымызды әріден бастасақ, жа­зушының «Конфуций және оның ғақлиялары» дейтін еңбегі оның тәржімешілдік өнері мен өне­гесін толық тануға болады. Өйт­кені қытай ойшылының даныш­пандық ғибратнамасының түпкі мазмұнын, сипатын, мәнісін біліктілікпен түсіну – ұғындыру үшін қазақтың жыраулық, шешен­дік болмысын, әдебиетін жан-жақ­ты мінсіз меңгеру керектігін, ұй­ғыр, қазақ тілдеріндегі аудар­ма­ларын мейлінше қадағалау қа­жет­тігін, заманауи қытай тіліндегі нұс­қасының рухына лайықты сөй­лету екендігін ерекше ыж­дағат­­тайды.

Зейнолла Сәнік қытай жұрты­ның ұлы ағартушысы, ойшылы, пірі Конфуций өмірбаянындағы әрі тағылымды, әрі көшбасшылық, әрі жаңалықты, әрі әулиелік қыр­ларын әңгімелейді. Ойшыл қы­тай­дың тәлімдік ереже-нұсқауларын тәр­тіпке бағындырған, яғни үш мың жырды жүйелеп, әдеп-ибаға үйлестіріп, сұрыптаған. 300-дей байырғы ән әуенін ретке түсірген. Оның тарих алдындағы кесек ең­бегі осындай. Конфуций ғақлия­лары­ның өзегі – білім, адалдық, әдеп-иба, тәжірибе, кітап оқу, се­нім. Оның даналық дәрістері «өзі­нен бұрынғы үш патшалықты, он екі хандықты қамтыған».

Конфуций ғақлияларының философиялық, әлеумет­тік, көркемдік-сыр-сипаттарының тағ­­дыранықтағыштық, өмір­та­ныт­қыш­тық мәнін Зейнолла Сәнік сұң­ғылалық зердемен кестелеп жеткізген.

ХХІ ғасырдың 3-ширегін тә­мам­дауға таянғанда өркениет биі­гі­не жеттік пе десек, бір жағынан, жаһандық геосаясат ушығып, әлем­нің әлек-шәлегі шықты, екін­ші жағынан, республикалық ЖОО жүйесі Болон процесін қабылдап, классикалық білім беру жүйесінен без­дік те, кітап оқудан, қалам ұс­тау­дан, көркем жазудан (конспект жа­саудан) біржола айырылдық… Егер де «Қазақтың хаткерлік тари­хынан» атты мақаланы оқысаңыз, ұлт мәдениеті тарихындағы хұсни хат, көркем жазу философиясының орасан мән-мағынасын түсінер едік. Мұның байтақ дәстүрлі тари­хы, көркемдік қисындары, ою-әшекейлері, өлшем-ережелері бар «жау­ды көркемдеу өнерін үйре­те­тін ғылым» екен. VІІ-VІІІ ғасыр­лар­дағы Тоныкөк жазуы, Күлтегін жа­зуы, Майқы бидің 40 рудың таң­басын тасқа ойдырып жазуы, Бет­бақ даладағы «Таңбалы тас» жазуы, бәсіре бұйымдарға, ыдыс-аяқ­тарға, әсемдік мүліктерге тү­сірілген таңбалар – ұлы баба­ларымыздың дүниетанымын, көз­қарасын, нанымын, тұрмыс-тіршілігін, шеберлігін танытады. Мұ­ны келістіре жазғандар бітік­шілер, абыздар, бақсылар. Со­лар­дың атақтысы тегі қаңлы ақын, әдебиетші, саятшы Сәрсен (1295-1345) екен. З.Сәніктің көрсетуін­ше, «Юань тарихында» аты жазыл­ған қаңлы Сәрсен (Зысан) орда біл­гірі, уәзірі, тарихшысы һәм әде­би хатшы қызметін атқарған. «Зы­сан (Сәрсен) күніне мың әріп жазған соң тамақтанатын… Оның жазуы көк тіреген семсердей  ай­бат­пен кемпірқосақтай көтері­ле­тін» дейтін тарихи сөз қалған.

Хұсни хат шеберінің «Көрікті жа­зудың 9 түрлі шарты» деген ең­бегінде мынадай пайымдаулар ті­зіл­ген: 1) қалам және оның ұшы та­за жүннен біркелкі жасалып, жұм­­сақ серпінді, 18 см аспауға тиіс; 2) сандықта сақталған қағаз; 3) сия сауыт; 4) таза су; 5) сияны ке­ре­гінше езу дұрыс; 6) қол және бі­лезік буынын жеткілікті шы­нық­тыру; 7) рухи күй, жан қуаты, ыж­дағатты зейін; 8) Жарығы мол жай­лы орын. Тоғызыншысы жа­зыл­май қалған.

Автор қазақ халқы араб жазуын ХІV-ХV ғасырларда қолдана бас­таған деп жазады. Алдымен, қып­шақ ұлысын билеген Орыс ханнан бас­тап Әз Жәнібек пен Ахмет Ке­рей есімдері тасқа қашалып тү­сіріл­ген. Сонымен қатар «Қып­шақ, най­ман, алшын, арғын, қа­ра­­кесек, үй­сін, табын Илаһи Қар­­­расикаһа­ми­ша Хаярахымет қыл сен алтауын (О, Ием, үмітіңе жету үшін осы ал­­­­тауына рахметіңді бере гөр)» де­ген сөйлемді тасқа таңбалаған. «Же­ті Жарғыны» Қасым хан тас ой­дырған. Сөйтіп, ұлы даналық сөз­дерін келешекке аманаттаған.

Хаткерлік өнердің тарихын ба­жайлап баяндап, оның мынадай сан алуан түрлерін атайды: гүлді нұс­қа, бейнелі нұсқа, шой табан нұс­қа, бұрышты нұсқа, әшекей нұс­қа, түзу нұсқа, жай нұсқа. Көр­кем жазу үшін қазақ тілінің грам­матикасын жетік білу қажет. Хұсни хат жазуға шеберлік «әрі емле дұ­рыс­тығын, әрі көркемдікті» (Әсет ақын айтқандай, «көзге қуат, көңіл­ге азық»), әрі мазмұн дұрыс­ты­ғын, әрі ғылыми ережені барын­ша құнттауды талап ететін ғазиз өнер.

Ұлтымыздың байырғы тари­хы­на байланысты тарихи жазба деректер З.Сәніктің «Батыс Қы­тайдағы қазақ тарихына қатыс­ты ежелгі мұрағаттар», «Ежелгі қы­тай жазбаларындағы түркі (қа­зақ) қаламгерлері» дейтін зерт­теме­лерінде жеткілікті айтылған. Өйткені қытайдың бес мың жыл­дық хатқа түсірілген тарихында сақ, ғұн, үйсін, қаңлы дәуіріндегі мә­ліметтер нақтылы көрініс тап­қан. З.Сәніктің көрсетуінше, үй­сін­дердің атамекені бес тау (Ал­тын­тау, Тәңіртау, Тарбағатай, Ал­тай, Күнлүн) мен бес өзеннің бойы (Мағжанда бес ұлы су) барша түр­кі ұлыс-тайпаларының алтын бе­сігі. Мұны қытай ғұламасы, Ұлы да­ла мәдениеті тарихының білгірі Су Бихай да дәлелдеп жазған. Се­бебі, бұл жерден ХХІІІ-ХХV ғасыр бұрын­ғы бағалы археологиялық ескерткіштер (мысалы, мыс айна, ал­тын жүзік, күміс көзе) мен 10 мың­дай үйсін молалары табылған.

Сақ шеберлері Боғда көлі бойын­да жартастарға аң-құс­тардың, хайуанаттардың, өсім­дік­тердің суреттерін нәшіне кел­ті­ріп түсірген.

Автор «Сақ ана» турасында қы­зықты ой өрбітіп, мәтінін сөй­лет­кен. Ұлы бабаларымыздың на­ным-сенімін, яки айға, күнге, от­қа, суға табынғанын, бұғыны пір тұт­қанын, ежелгі этностардың таң­баларын әңгімелеген.

Қытай жылнамаларындағы «Ғұн баянына» зейін қояйық: «Ғұн­ның барлық ағаман-ақса­қал­дары жаңа жылдың (наурыздың) ал­ғаш­қы күндерінде Тәңір-құттың ордасында шағын мәжіліс құрып, құр­­бандық шалады. Мамырда Ұлу­­­­­балықта бас қосып, ата-ана­ла­ры­ның аруағына, жер-көкке, ие-кие­лерге арнап, үлкен шек береді. Күз­ге салым, жылқы қоңданған кез­де тасаттық орманында өтетін ұлы жиында мал мен жанның са­нағы және соған қарай алынатын алым-салық мөлшері есептеледі… Тәңірқұт әр таңда ордасынан шы­ғып, көтеріліп келе жатқан күнге, түн­де айға тәу етеді… Өлген адам­ды қос қанат табытқа салып жер­лей­ді. Мүрдемен бірге ал­­тын-кү­міс, киім-ке­шек көмеді… Тәңір­­құт тө­лең­гіт­тері мен құ­малары­нан оң­­­даған немесе жүз шақты көр жол­дасы бірге көміледі. Жорықта аспан шы­рақ­тары­на қарап әре­кет­те­не­ді, ай толғанда ша­буылға өтіп, ай қор­ға­лағанда шегіне­ді», – де­лін­­ген. («Қытай тарихнама­ларын­да­ғы қа­заққа қатысты деректер», І том, 80-81 бб.). Қытай ғалымы Жаң Чи-ау өзінің: «Алтай мен Ерен­­қабырғаның солтүстігіндегі сақ­тар мен һұндардың мәдениетіне шолу» деген мақаласында осы өңір­ден табылған мыс қазандарды Бар­көлден, Қазақстанның Іле өңі­рінен табылған қазандармен бір түрге жатқызуға болады дейтін тұ­жырым жасаған.

Руханият жанашыры З.Сәнік ха­лық фольклоры үлгілерін ыж­дағат­пен жинаушылардың, шежі­ре­шілердің, әңгімешілердің ұлы еңбегін ескере отырып, олардың «108 қисса-дастан, 286 аңыз-ер­тегі, 170-ке тарта үлкенді-кішілі ай­тыс, 220-ға тарта тұрмыс-салт жыр­лары, 100-ден артық этног­ра­фиялық еңбек, 158 мақала, 90-ға тар­та балалар жыры, 400-ден ар­тық күлдіргілер мен шешендік сөз­дер, 300-ден астам басқа жыр, 20-ға тарта халықтық ән-күй жа­риялағанын» қадап айтады. Мы­салы, атақты шежіреші, қис­са­шы Бейсенғали Садықанұлы (1911-2001) «Халық мұраларын жи­нау­дың бүкілқытайлық үлгісі» дей­тін мәртебелі атаққа ие болған.

16 томдық «Иуан хандығы дәуірі» тарихындағы Найман хан­дығының жазу мәдениеті, қала мә­дениеті, жер-су атаулары жайын­да­ғы мәліметтерді ғылыми айналымға енгізеді. Сондай-ақ Абылай хан­ның Зиянлун патшаға жазған ха­тында «Ташкент пен Тарбағатай қа­зақ жері» еді дегенін келтіреді.

Деректанушы З.Сәнік ежелгі қытай жазбаларында хатталған қаң­лы, қыпшақ, дулат тайпа­лары­нан шыққан сөз зергерлерін атай­ды. Сонымен қатар «Оғызнама» эпосы, «Қорқыт Ата кітабы», Мах­мұт Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» Құтыптың «Хусырау уа Шы­рыны», Сайф Сарайдың «Түр­кі тіліндегі Гулстаны», Ахмет Хоре­з­ми­­дің «Махаббатнамасы», Мұхам­мед Хайдар Дулатидің «Та­ри­хи Раши­ди» мен «Жаһаннамасы» жөнінде тебіренеді. «Кодекс – Куманикус» 1303 жылы Қара теңіз бойын ме­кен­­деген қыпшақтардан жазылып алын­ған. Басты тақы­рып­тары – аспан әлемі, табиғат құ­былыстары, сауда, іскерлік мә­селесі, есеп-қи­сап. Екінші бөлі­мін­де аңыздар, жұм­бақтар, өсиет­тер, нақыл сөз­дер, діни уағыздар. Ұлт тіліне қа­тыс­ты азық, балық­шы, айран, ақ­шам, алма, балта, бол­мыс, асыл, көрік, ала, аз, бұ­ға­на, бұтақ, көбе­лек тәрізді 2 940-қа жуық сөздің дені қазіргі қазақ ті­лін­де айна-қатесіз қолданылады» деп жазады.

Мыңжылдықтардың жаң­ғырығын ғылыми сараб­дал­дықпен тірілту, білгірлікпен сөй­лету, сыр шерту – Зейнолла Сә­­­­ніктің «Монғолдың құпия ше­жі­ресін» тарихи-филологиялық тұр­ғыдан зерделеуінен тануға бо­лады. Ол «Құпия шежіренің» та­ным­дық, тағылымдық, тапқыр­лық, даналық әлемі мен тари­хи-мәдени құндылықтарын әділ таразылайды.

«Құпия шежіре» турасында 700-дей зерттеу жазылған. Мұнда «500-­дей кейіпкер есімдері, 300-дей жер-су атаулары, 100-ден ас­там ұлыс-ұлт аттары, 50-дей қа­ла, кент ат­тары, жүзден аса қосал­қы есімдер ата­лады екен». (Мағауия Сұлтания­ұлы) З.Сәнік «Құпия шежіренің» ті­лі туралы ой толғағанда, монғол-қазақ тілдерінің салыстырмалы сөздігін құрастырған Базылқан Бұқанұлының зерттеуіне жүгінеді. Сонда монғол-қазақ тілдерінің 60% түбірлес екен. Қазіргі қазақ ті­лінде 700-ден астам сөз өзгеріссіз қолданылады.

Монғол оқымыстысы Рынчын Баямбаев: «Монғолдың сөздік қоры бір миллион. Ал қазақтың ті­лін жетік білген адам бір мил­лиард кісімен түсінісе алады» деп­ті. Бұл пікірдің жаны бар. Себебі Ах­мет Байтұрсынұлы: «Еділден бас­тап Ертіске дейін, Оралдан бас­тап Ауғанға шейін қазақта тіл де, ем­ле де бір»; «ХХ ғасырға шейін тү­рік­тің тілін аздырмай алып кел­ген тіл тұрғысындағы абы­­рой мен алғыс қазаққа тиісті» де­генінде қазақ тілінде сөйлейтін халықтың мекен еткен терри­то­рия­сы (тағы да өзге де ұлттармен қа­рым-қаты­насы бар) нақты көр­сетілген.

З.Сәніктің «Дала мәдениеті – Еуразия мәдениетінің алтын тұ­ғыры» атты ғылыми-шығарма­шы­лық сипаттағы еңбегінде ұлт та­­­­ри­хына қатысты шынайы дерек­көздердің логи­ка­лық мазмұнын, тарихи шарттарын, мәтін мәнісін мұқият ескере оты­рып, тарихи са­на-зердемізді, ата дәс­түрімізді, отан­шылдық, қаһар­мандық рухы­мызды паш етеді.

Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор