in

«Мен жүретін, көзге шөп салатын әйел болсам…»: Дариға Бадықова өз шындығын айтты

Актриса Дариға Бадықова бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың сынына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса бұрынғы жолдасының айтқан сөздерін жоққа шығарды. Сонымен қатар журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында киносы шықпай тұрып, үйінен кетіп қалғанын айтты.

«Жер үй салғанда ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйге кіріп-шығуға ұялатынмын. «Не істейміз енді?» десем, «Құдайдың бұйырғаны болады, Құдай береді» дейді. Жерді алды, бірақ үйді салған мен. Бірақ ол үйді мен беріп кеттім. Осы уақытқа дейін ол үйдің газын, жарығын төлеп отырмын. Ол театрда жұмыс істеді. Бірақ «маған рөл бермейді» дейді. «Рөл бермесе, кетпейсің бе енді» деймін. Бірдеңе айтсаң, қолындағысын лақтыра салады. «Таптым-ау» фильмін түсірмей тұрып мен үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүретін, көзге шөп салатын әйел болсам, ол менен көк тиын да алмайтын еді», – дейді актриса.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.