in

Ләйлә Сұлтанқызы шетелдік университеттен шақырту алды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы шетелдік университеттен шақырту алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультеті жанындағы BIRSoz ұйымынан ресми шақырту алған.

“Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінің BIRSoz ұйымынан шақырту алдым. Бұл бастама – Түркі және Орталық Азия елдерімен мәдени, тілдік, ғылыми байланысты дамытуға бағытталған. Осы жылдың күзінде үш айға кетемін. Бұйырса, шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын арттырып, дәрежесін көтеруге атсалысамын. Арнайы Speaking Club ашу да ойымда бар, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

BIRSoz – Оксфорд университетіндегі қоғамдық бастама. Жоба Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтымен бірлескен меморандум негізінде жүзеге асқан. Мақсаты – қазақ тілін халықаралық академиялық ортада зерттеу және дамыту. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.