in

Күләш Шамшидинованың «ҮЗДІК. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» атты кітабы жарыққа шықты

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз  Күләш Шамшидинова бала тәрбиесіне арналған «ҮЗДІК. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» деген кітабын жарыққа шығарды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Кітап авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз  Күләш Шамшидинова. Оның кәсіптік өмір жолы білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Мұғалімдіктен мектеп директорына, елдің Білім және ғылым министріне дейінгі лауазым баспалдақтарынан өтіп, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының он жылдан астам басшысы болған. 

MENTOR Baspasy-нан е кі тілде шыққан кітап бүгінгі тәрбие мен білім берудің ең өзекті мәселелерін қозғайды. Баланы оқуда қалай қолдау керектігін, оның міндеттері мен дамалысының арасындағы теңгерім қандай болуға тиістігін, өзіне сенімділікті қалай сіңіру қажеттігін қарапайым тілмен әрі нақты мысалдармен түсіндіреді.

Кітап бүгінгі ата-аналарды мазалайтын ең маңызды сұрақтарды қамтиды:

·         Мектепті қалай таңдаған жөн?

·        Тек «бестік» бағаға ұмтылған дұрыс па?

·        Цифрлық дәуірде оқушыны қалай ынталандырамыз?

·        Мұғаліммен кикілжің туса не істеу керек?

·        Баланы қажытып алмас үшін қайткен жөн?

·        Ата мен әже неліктен білім мен мейірімнің қайнар көзі саналады?

  «Бұл кітап баланы қайткен күнде де озат қылып тәрбиелеу туралы емес. Бұл кітап өмірден өз орнын таба алатын, жауапкершілікті түсінетін, бақытты, табысты адам тәрбиелеу туралы. Баланы шын мәнінде үздік қылатын нәрсе –  осы», – дейді автор Күләш Шамшидинова .

Кітаптың тұсаукесеріне білім, ғылым саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.