Актер, әзілкеш Нұржан Төлендиев Kyzyk times бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Аikyn.kz.
Бағдарламада актердің сыныптастары оның мектепте қандай оқушы болғанын айтып берді. Олардың айтуынша, актер мектепте сабақ үлгерімі орташа болған. Сонымен қатар қатарластары оның бұзықтығы да болғанын жасырмады.
Актер қазір де сыныптастарымен жақсы араласып, ауылына жиі барып тұрады екен.
«Сабақты беске болмаса да, үш, төртке оқыды. Үздік болмады, орташа оқыды. Мектепте «Тайлақ деп айтатынбыз. Үйіндегілер солай атаған. Мектепте кішкентайынан белсенді болды. Қазір де сыныптастарымен, бізбен жақсы араласады. Жақында тойында болдық. Бәрімізді жинап алады, ортаға алып отырамыз ғой. Таңға дейін отыратын кездер болады кейде. Ауылды сағынып келеді. Бәрімізді жинап алады. Ауылдың бәрін аралайды. Жиі келіп тұрады. Мектепте бірінші атаман еді. Бәрін ұйымдастыратын. Бір нәрсені бүлдіретіні де бар. Күлдіреді де, бүлдіреді де. Мектепте каратэге қатысты», – дейді сыныптастары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.