Әнші Төреғали Төреәлінің сахнадағы әрекеті қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әншінің Ақтауда өткен жеке концертінде аяқ астынан сахнада дыбыс дұрыс шықпай қалған. Сахнада тұрған әнші бұған бірден реакция білдіріп, домбырасын қойып, терме орындаудан бас тартқан.
«Болды, ренжіп қалдым. Жап-жақсы айтып келе жатыр едім, мыналар бәрін бұзды. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», – дейді әнші әзіл-шыны аралас.
Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.