Актриса, әнші Айгүл Иманбаева енесімен бірге сахнаға шықты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі «Хабар» телеарнасының «КЕШREC» бағдарламасында енесімен бірге «Сырласу вальсін» орындады.
Желі қолданушылары оларға ақ тілегін арнап, қолдау білдірді.
«Енең өте жақсы ән салады екен», «Не деген дауыс, күшті, керемет. Сүйсініп қарайсың. Аман болыңыздар», «Тамаша! Керемет орындау», «Келін ененің топырағынан деген. Бақытты болыңыз, Айгүл ханым», деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, өнер иесінің енесі – “Айгүл” вокалды-аспапты ансамблінің құрамында болған әнші Ақжан Жайсанбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.