in

Иманғали Тасмағамбетов Асанәлі Әшімовтің үйіне барды

Иманғали Тасмағамбетов Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің шаңырағына барып, көңіл айтты , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Бұл туралы белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы желіде жазды. Иманғали Тасмағамбетов актердің естелік кітаптарын шығаруға көмектесетінін айтқан.

« Кеше Асанәлі ағаның қаралы шаңырағына Иманғали аға кеп дұға жасады. Қақ төрдегі Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Баталы сөз бен аталы сөз осы кішкентай Асанәліге қарата айтылды. « Орнында бар оңалар » деген сөз еріксіз ойыма оралды. Иманғали аға Асанәлі ағаның жылдығына дейін естелік кітаптары мен Асанәлі ағаның Кеңсайдағы басын қарайтуға көмегін беретін болды. Асыл ағаның шырағы сөнбесін! » – деп жазды Маралтай Райымбекұлы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.