Отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылатын «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау науқаны соңғы кезеңге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биыл төртінші рет өтетін байқауға «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Осы кезге дейін сыйлыққа барлығы 66 шығарма келіп түсті.
Оның ішінде «Үздік проза» бойынша – 18, «Үздік поэзия» – 10, «Үздік драматургия» – 12, «Үздік әдеби сын» – 3, «Үздік әдеби аударма» – 5, «Үздік балалар әдебиеті» – 17 және «Үздік комикс» бойынша 1 шығарма қабылданды. Ұлттық әдеби сыйлықтың жеңімпаздары жыл соңында анықталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.