in

“Жоспарымды орындаппын”: Дастан Оразбеков Ironman сайысында жеңіске жетті

«Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков Италияда өткен толық Ironman жарысына қатысып, жүлделі орынға ие болған, –  деп хабарлайды Аikyn.kz. Әнші бұл жеңісі жайында өзінің Instagram парақшасында жария етті.

Ironman сайысы –  әлемдегі ең күрделі жарыстардың бірі.  Сайыс 3,8 шақырым жүзу, 180 шақырым велосипед және 42,2 шақырым марафоннан тұрады. Дастан мұны тек спорттық жетістік емес, алдына қойған үлкен мақсат пен рухани жеңіс деп санайды. 

«Спорт және Махаббат» атты ұстаныммен жүргеніме бес жыл өтіпті. Осы уақыттың ішінде жоспарымның төрттен бір бөлігін орындаппын, алда әлі талай жарыстар мен жеңістер күтуде. Бірге болайық, достар! – деп жазған ол. 

Бұл жарыс биыл 20 тамызда Италияның Червия қаласында өтті. «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков –  бұл сынақты еңсерген алғашқы қазақстандық өнер иесі.