in

“Жаратқанға сансыз мадақ”: Айгүл Иманбаева перзентханадан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Әнші Айгүл Иманбаева екінші рет әже атанды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сүйінші, достар. Қос немеренің әжесі болдым. Айсұлу, Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ», –  деп жазды Айгүл Иманбаева.

Айгүл Иманбаеваның үлкен немересі – Айсұлу, ал енді екінші сәбиге Айсұлтан деген есім берілген. Әнші отбасына тағы бір сәбидің келуімен шексіз бақытты екенін жеткізді.

Айта кетейік, әнші әкесінің қазасынан кейін ұлының үйлену тойын жасамаған болатын. Айтуынша, қазақтың салтында бар дүниеден аттап кетпей, келінді түсірген болатын.