in

Жазушы, сықақшы Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, республикалық «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің насихат редакциясында еңбек еткен, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметті тілші болып бастаған. 

Алғашқы сықақ шығармалары 1967 жылдан бастап облыстық «Семей таңы», «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» газеттерінде, «АраШмель» және «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында жарияланған. «Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Ой, қытығым келеді…», атты т.б. сатиралық кітаптары жарық көрген. 

«Қазақстан», «Хабар» арналарының әзілсықақ хабарларының, «Тамаша» ойынсауық отауының тұрақты авторы болды. 2003 жылы «Қымсынбашы, қылықтым» атты кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан «Мыңқетпес мыңқ етер емес» әзілсықақ әңгімелер жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, қытай тілдеріне аударылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.