Үшінші рет шаңырақ көтерген актер Дәурен Айдарқұлов жұбайына не сыйлағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әйеліне бриллиант сақина сыйлағанын мақтанышпен жеткізді.
“Болашақ әйеліңе үйленуге ұсыныс жасау – ең жауапты іс. Ал жүректерді біріктіретін сақинаның әдемі болуы әрі оның өзіне арнап жасалғаны маңызды. Мен қазіргі әйеліме бриллиант сақина сыйладым. Арнайы зергерлік студиясында соқтырдым. Гауһартастардан жасалған әшекейлер керемет, көпшілік үшін де қолжетімді екен. Бриллиант – әйелдің ең жақын досы. Айтпақшы, әйелімнің есімі – Жұлдыз”, – деп жазды актер.
Желі қолданушылары актерге бақыт тілесе, енді бірі балалары бола тұра, үшінші рет шаңырақ көтергенін сынға алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.