Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаламгерлер шығармаларында қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін ашуы керек.
Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуы тиіс.
Байқауға бұрын/соңды еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады.
Конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады.
Байқауға ұсынылатын шығармалар келесі мекенжай бойынша қабылданады: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76.
Электронды пошта: erlikpenenbekdastany@gmail.com
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.