Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды, – деп жазды Aikyn.kz.
“Ғажайып кештен естелік! Осы кеште, Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: “Енді тұрмыс құрмаймын! 2 балам да өсіп қалды!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары болашаққа қатысты ештеңені кесіп айтуға болмайтынын жазып жатыр.
«Олай демеңіз, жалғыздық Құдайға жарасқан», «Ойыңды 360 градусқа өзгертіп жіберетін нағыз ер адам жолықса, тұрмысқа қалай шығып кеткеніңді білмей қаласың», «Тұрмысқа шығу керек, жап-жассыз ғой әлі, әр әйел бақытты болуға жаралған”, – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.