in

Димаш Құдайберген Мехикода бүлдіршіннің тұсауын кесті

Әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Мехикодағы елшілікке барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кездесу кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнаған. Сондай-ақ бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жуырда Мехикоға барып, 25 мыңнан астам көрерменге концерт берген еді.