Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева ұл шаңырақ көтеретін сәтті күтіп жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі El-Women жобасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне алғыс айтты. Сонымен қатар ұлының үйлену тойы есте қаларлықтай және мағыналы, ой салатындай күн болғанын армандайтынын жеткізді.
«Димаш қазір жұмысынан бас ала алмай жүгіріп жүр. Барлық ата-ана сияқты біз де оның балалы болып, өз алдына шаңырақ көтергенін тілейміз. Жалғыз біз емес, бүкіл ел тілеп отыр. Ақ батасын беріп, тілегін аямай отырған әрбір жанға, Димаштың жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді. Сіздер де сондай әдемі күнге жетіңіздер дегім келеді. Амандық болса, ондай күн жақын шығар деп ойлаймыз, күтеміз», – дейді әншінің анасы Света Айтбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.